05.06.2008, 10:37 1592

Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан жүк пойызында өрт шықты

Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан жүк пойызында өрт шықты

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан жүк пойызының тепловозында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Сауран-Бесарық темір жол өткелінің 3066-шы шақырымында , қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 маусымда 05 сағат 40 минутта Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан № 2221 жүк пойызының ТЭ-10У тепловозының қозғалтқышының поддоны жанды.

Өрт 07 сағат 15 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны