14.04.2011, 12:41 4226

Үкімет БҚО су тасқынымен күресуге 870 млн теңге бөледі

Үкімет БҚО су тасқынымен күресуге 870 млн теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет БҚО су тасқынымен күресуге 870 млн теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрі Батыс Қазақстан облысына Үкімет резервінен 870 млн. теңге бөлу туралы қаулыға қол қойған. Бұл туралы хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін кеште елдің аймақтары бойынша жұмыс сапарынан оралған бойда Батыс Қазақстан облысына 2011 жылғы республикалық бюджетте көзделген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы Үкімет қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес 870 миллион (сегіз жүз жетпіс миллион) теңге көлеміндегі қаржы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жоюмен байланысты халықтың өмірлік маңызды нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінеді.

Бөлінген қаражаттарды өз мақсатына жұмсауға бақылау жасау ҚР Қаржы министрлігіне үктелді.

Батыс Қазақстан облысының әкіміне 2011 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттардың өз мақсатында жұмсалғаны туралы есеп беру тапсырылды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Фото: yuga.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны