23.08.2006, 09:33 2665

Украинада Ресей ұшағы апатқа ұшырады, онда 170 адам болған

АЛМАТЫ. 23 тамыз. Kazakhstan Today. Украинада Анападан Санкт-Петербург қаласына бағыт алған ресейлік ұшақ апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 160 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Сейсенбі күні, 15 сағат 39 минутта Анапа-Санкт-Петербург бағыты бойынша 612- рейспен ұшып бара жатқан Пулков әуе жолдарының Ту- 154 ұшағы SOS дабылынан кейін радардың назарынан жоғалған. Алғашқы ақпаратқа қарағанда, ұшақ Донецк қаласынан солтүстікке қарай 45 шақырым жерде апатқа ұшыраған",-деп хабарлайды Ресей ТЖМ .

Қазіргі кезде әуе апаты орын алған жерде құтқару шаралары жүзеге асырылуда. Донецк түбіндегі Сухая балка ауылында отыз адамның мәйіті табылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны