22.08.2012, 12:51 3928

Ұлттық қорықта жасалған жаппай қылмыс құрбандарының саны артуы мүмкін

Тергеу Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық қорығында жасалған жаппай қылмыс құрбандарының саны 12-ге жетуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Алматы. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Ұлттық қорықта жасалған жаппай қылмыс құрбандарының саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тергеу Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық қорығында жасалған жаппай қылмыс құрбандарының саны 12-ге жетуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

"Тергеу қорықшының үйінен жанып кеткен тағы бір мәйіт табылған болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Бұл әзірге біздің болжамымыз ғана. Геномдық сараптама жақында аяқталады, бұл мәселенің нүктесі сол сараптамадан кейін қойылады", - деп сәрсенбі күні өткен брифингте ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Егер бұл мәлімет расталып жатса, қорықтағы жан түршігерлік оқиға құрбандарының саны 12-ге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны