08.08.2006, 09:04 1481

Үстіміздегі жылы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты 66 заң бұзушылық тіркелген

ТАЛДЫҚОРҒАН. 8 тамыз. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 66 құқық бұзушылық j0b5fkfhs тіркелген. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңейтілген алқа отырsсында прокурор Мұхтар Жүргенбаев мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М.Жүргенбаевтың айтуынша, жемқорлық белең алған мекемелер ретінде мыналарды атауға болады: әкімшілікте - 4 адам, ішкі істер органдарында-5, кеденде - 2, әділет-1, салық қызметі-2, сот әкімшілігі комитеті-3 адам және басқа да 36 мемлекеттік құрылымдар.

Сондай-ақ, прокурор атап өткендей, "өкілетті және ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауда қауқарсыздық танытуда". Жемқорлықпен күрес әлжуәз тәсілмен жүргізілуде, деп санайды прокурор.

Оған қоса, М.Жүргенбаев кейбір мемлекеттік құрылымдардың сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықылас танытпайтындықтарына,
есесіне осы дерттің етек жайуына оңтайлы жағдай жасап жатқандарына наразылығын танытты. "Прокурорлар тарапынан 600 ескерту жасалды, 1500 лаузым иесі тәртіптік жауапқа тартылды, алайда, 100 ескертуге қатысты талаптар орындалған жоқ"- дейді облыс прокуроры.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны