06.03.2023, 15:46 23591

Қылмыстық билік Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Қылмыстық билік Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Қылмыскер 7 сәуірге дейін қамауда болады

Астана. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды.
 

Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

 
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны