18.10.2006, 09:46 2735

Жамбыл облысында 59 жолаушысы бар автобус аударылып үш адам жараланды

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Қордай ауданында 59 жолаушысы бар автобус аударылып үш адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кеше кешке Алматы-Ташкент тас жолының 186-шақырымында "Ван Хул" жолаушылар автобусының жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, 59 жолаушы отырған көлігімен жартасқа барып соғылып, аударылып қалды. Апат салдарынан 38, 49 және 46 жастағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны