29.04.2010, 10:11 1352

Жамбыл облысында Алматы - Ташкент күре жолында болған апаттан алты адам қаза тапты

Жамбыл облысында Алматы - Ташкент күре жолында болған апаттан алты адам қаза тапты

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының Шу ауданында Алматы - Ташкент күре жолында болған апаттан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 сәуірде сағат 08.30-да Алматы - Ташкент күре жолының 270-ші шақырымында "Мерседес" пен "Мицубиси" көліктері соқтығысты.

Апаттан 42 және 39 жастағы екі жүргізуші мен екі көлікте отырған 4 жолаушы қаза тапты. Сондай-ақ, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны