24.01.2012, 09:45 3136

Жамбыл облысында алты адам көмірқышқыл газына уланып қалды

Сарысу ауданының Жанатас қаласындағы жер үйдегі пештің ақаулығынан 57 жастағы әйел мен оның 31 жастағы ұлы иіс тиіп уланып қалған. Ийел оқиға орнында көз жұмды, ал ұлы Жанатас қаласында аудандық ауруханаға жеткізілген.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында алты адам көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарысу ауданының Жанатас қаласындағы жер үйдегі пештің ақаулығынан 57 жастағы әйел мен оның 31 жастағы ұлы иіс тиіп уланып қалған. Ийел оқиға орнында көз жұмды, ал ұлы Жанатас қаласында аудандық ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, Таразда жедел-жәрдем қалалық станциясына жер үйдегі пештің ақаулығынан 10 жасқа дейінгі 4 баланың иіс тиіп уланғаны жайлы ақпарат келіп түскен.

"Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға түтін тартатын пеш мұржасының ақаулығынан орын алған", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны