12.09.2008, 10:10 1217

Жамбыл облысында бес адам күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Жамбыл облысында бес адам күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында бес адам күйдіргі деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау басқармасының ақпаратына сәйкес, Т.Рысқұлов атындағы ауданның Өрнек ауылынан 4 қыркүйекте облыстық жұқпалы ауруханаға күйдіргі деген күдікпен 5 адам (34, 24 және 60 жастағы ер адамдар мен 31 және 67 жастағы әйелдер) жатқызылған.

Зертхана тексерулерінен кейін диагноз расталды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар дәрігердің бақылауына алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны