26.10.2006, 10:16 2912

Жамбыл облысында екі жол апатынан сегіз адам мерт болып, жетеуі жараланды

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында екі жол апатынан сегіз адам мерт болып, жетеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 25-қазанда Алматы-Ташкент тас жолының 563-ші шақырымында 18 жолаушымен Тараз-Шымкент бағытында келе жатқан жеке меншік "Mercedes"шағын автобусы "ВАЗ-2109" автокөлігімен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "Mercedes"шағын автобусында отырған екі жолаушы, "ВАЗ-2109" автокөлігінің жолаушысы мен оның бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, "Mercedes"шағын автобусында отырған 7 жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге мекеме ақпаратына сәйкес, Қордай ауданында Тараз-Алматы тас жолының 223-шақырымында 25-қазанда "Toyota"мен "ВАЗ-2106" автокөліктері соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны