15.08.2006, 13:22 3126

Жамбыл облысында екі жол апатынан жеті адам зардап шегіп, екеуі қаза тапты

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында екі жол апатынан жеті адам зардап шегіп, екеуі қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 14-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 173-ші шақырымында "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тауып, тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Тараз-Амангелді тас жолының 13-ші шақырымында 14-тамызда "Ауди 100" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны