21.02.2012, 16:12 2881

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 36 адам құтқарылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында 20 ақпанда ТДЖ оперативтік кезекші бөліміне "Момышұлы-Қошқарата" автожолында қар құрсауында 9 адам мен 2 жеңіл автокөлік қалып қойғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 36 адам және 8 көлік құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Жуалы ауданында 20 ақпанда ТДЖ оперативтік кезекші бөліміне "Момышұлы-Қошқарата" автожолында қар құрсауында 9 адам мен 2 жеңіл автокөлік қалып қойғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Сондай-ақ, "Алматы-Ташкент" автожолында қар астында 27 адам мен 5 жеңіл автокөлік қалып қойған", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Барлығы 36 адам мен 8 автокөлік құтқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны