25.07.2007, 13:05 2621

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматынан жарты тоннадан астам дайындалған марихуана тәркіленді

АСТАНА. 25 - шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында Қырғызстан азаматынан 600 кг жуық дайындалған марихуана тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Мак-2007" іс-шарасын жүргізу барысында көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі арнаулы бөлімшенің қызметкерлері Луговая станциясында Құрағат - Тақты аралындағы 3627-ші шақырымда марихуана жинаумен айналысқан Қырғызстанның 52 жасар азаматын ұстаған. Оның жинаған марихуанасының салмағы жарты тоннадан асып жығылады. Ол алдын ала тергеуде жиналған марихуананы кептіріп, үйіне алып кетпек болғандығын, ал жартысын жасырын жерге тығып кетіп, кейінірек әкетпек болғандығын мәлім етті", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер, іс-шара нәтижесінде Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі тасымалдаудың тағы бір арнасы жойылғандығын атап көрсетті.

"Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны