26.11.2009, 14:52 3088

Жамбыл облысында пневмониядан үш адам қайтыс болды

Жамбыл облысында пневмониядан үш адам қайтыс болды

Тараз. 26 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында биылғы эпидемиологиялық маусымда пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Салтанат Омарбекова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, бір оқиға Т. Рысқұлов атындағы ауданда тіркелді, бұл аурудан аяғы ауыр әйел қайтыс болды. Тағы да екі оқиға Таразда болып, бір ер адам мен 15 жасар қыз қайтыс болды.

Қазір облыстағы ауруханаларда өткір респираторлық вирусты жұқпаның асқынуынан болған пневмониямен ауырған 51 адам жатыр. Жалпы алғанда облыс тұрғындары арасында пневмониямен ауырудың 72 оқиғасы тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны