25.01.2016, 20:46 5426

Жамбыл облысында тікұшақтыӊ құлауына байланысты жаӊа деректер шықты

Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Құдай сақтағанда қаза тапқандар жоқ. Тек МИ-2-ніӊ ұшқышы оӊбай күйіп қалған. 63 жастағы азамат қазір ауруханада хал үстінде жатыр. Изірге, жеке тікұшақтыӊ құм арасында не істеп жүргені әрі бортта нақты қанша адам болғаны айтылмай жатыр

Тараз. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Құдай сақтағанда қаза тапқандар жоқ. Тек МИ-2-ніӊ ұшқышы оӊбай күйіп қалған. 63 жастағы азамат қазір ауруханада хал үстінде жатыр. Изірге, жеке тікұшақтыӊ құм арасында не істеп жүргені әрі бортта нақты қанша адам болғаны айтылмай жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Оқиға сенбі күні кешкі алтылар шамасында болған. Апатқа ұшыраған тікұшақтыӊ сау тамтығы жоқ. Жерге құлаған бойда өртке оранғаны байқалады. Оқыс жағдай туралы осы маӊдағы шопанныӊ бірі 102 нөміріне хабар жеткізген. Алайда әуе көлігі құм арасындағы тереӊ сайға құлағандықтан оны табудыӊ өзі қиындық тудырыпты, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Куәгер тікұшақтыӊ көкте ары-бері шайқалып жүргенін көрген. Ақыры көп ұзамай жерге құлап жойқын жарылыс болған. Көршісін ілестірген Ербол Өстеміров атпен дереу сонда жетіпті. Бірақ өрт арасынан тірі жанды кезіктірмеген. Сөйтіп екі адамныӊ ізіне түсіп, олардыӊ соӊынан үш шақырым жердегі қыстаққа барыпты. Шопанныӊ сөзінше, бортта үш адам болған. Екеуі 25-30 жас аралығындағы жас жігіт болса, үшіншісі - жанып кете жаздаған ұшқыш.

Ербол Өстеміров, оқиға куәгері:

-Екі адам сол фазендаға барыпты. Екеу емес бұл жерде үш адам екен. Біреуі үйде жатыр екен, үшеуі де жетіп қойған ғой. Жаӊағылардан не болды, қалай болды, қалай аман қалдыӊ десем, секіріп кеттік-секіріп кеттік дейді.

Денесініӊ 60 пайызы күйген ұшқыш 7 сағаттан соӊ Таразға жеткізілген. Жағдайы ауыр науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Ибілсейіт Сыздықов, №2 Тараз қалалық аурханасы күйік бөлімініӊ меӊгерушісі:

-Дене сынығы, басқа денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Қазіргі кезде барлық ем-домдар қолданылып, науқасты шоктан шығару жолдары қаралып жатыр. 60 пайыз өте ауыр жарақат, сондықтан қазір алдын ала бірдеме айту қиын.

Валерий Михинніӊ ми далада жалғыз өзі не істеп жүргені жұмбақ. Бірге болған серіктері жайында да жауаптылар тіс жаратын емес. Изірге апаттыӊ себебі белгісіз. Қазір оны анықтау үшін арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.

Талғат Сабыров, Жамбыл облыстық ТЖД бастығыныӊыӊ орынбасары:

-Апат болған жер аудан орталығынан 100 шақырым жерде Тараз қаласынан 200 шақырым жерде алыста болды, құмныӊ арасында. Сол себепті қиындық туды. Қазір нақты себебін айта алмаймыз. Комиссия келіп, бәрін қарастырып, шешім шығарады.

Ұшқыш тікұшақтыӊ қожайыны, сәйкесінше "Жаӊа Илем" әуе компаниясыныӊ басшысы. Бұл әуе көлігін ара-тұра Ішкі істер департаменті қолданған деген дерек бар. Оған дәлел қираған техникадағы нөмір мен полицейлер мінетін ұшақтыӊ саны сәйкес келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны