04.01.2012, 10:46 3150

Жамбыл облысында үсік шалған 5 адамның, соның ішінде 3 баланың денесі табылды

Жамбыл облысы Көктөбе ауылында жергілікті тұрғын далада үсік шалған 5 адамды қар астынан тауып алған.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында үсік шалған 5 адамның, соның ішінде 3 баланың денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Көктөбе ауылында жергілікті тұрғын далада үсік шалған 5 адамды қар астынан тауып алған.

"3 қаңтар күні сағат 20.00 Жамбыл облысы Көктөбе ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы Қостабан телімінде жергілікті тұрғын жазық далада қар астынан 1972 жылы туған азамат М.Тұрсынбай, 1981 жылы туған азаматша Н.Сарманова және балалар - 2003 жылы туған Б.Байгелді, 2005 жылы туған Ф.Байгелді, 2007 жылы туған Н.Байгелдінің үсіп қалған мәйіттерін тауып алды", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны