24.10.2006, 09:45 3157

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты Алматы-Ташкент тас жолының 374-ші шақырымында 23-қазанда болған. "Mercedes" автокөлігінің жүргізушісі "Toyota" автокөлігімен соғысып қалды.

Апаттан "Toyota" автокөлігінің жүргізушісі мен "Mercedes" автокөлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, "Mercedes" автокөлігінің жүргізушісі, оның бір жолаушысы мен "Toyota" автокөлігінде отырған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны