20.03.2013, 12:51 3211

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам опат болды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20-шы наурызда сағат 04:20-да Т.Рысқұлов ауданы Алматы-Ташкент көлік жолының 427-ші шақырымында Алматы-Шымкент (2 жүргізуші және 46 жолаушы) бағытымен келе жатқан "Man" маркалы (мемлекеттік нөмірі Х 315 TEN), жолаушылар тасымалдайтын автобусының жүргізушісі (ОҚО тұрғыны) жолдың жиегіндегі бұзылып тұрған рельс тиелген жүк тасымалдайтын "Камаз"-бен (Тараз қаласының тұрғыны) соқтығысқан.

Тараз. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам опат болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20-шы наурызда сағат 04:20-да Т.Рысқұлов ауданы Алматы-Ташкент көлік жолының 427-ші шақырымында Алматы-Шымкент (2 жүргізуші және 46 жолаушы) бағытымен келе жатқан "Man" маркалы (мемлекеттік нөмірі Х 315 TEN), жолаушылар тасымалдайтын автобусының жүргізушісі (ОҚО тұрғыны) жолдың жиегіндегі бұзылып тұрған рельс тиелген жүк тасымалдайтын "Камаз"-бен (Тараз қаласының тұрғыны) соқтығысқан.

Жол апатынан 5 адам қаза тауып, жарақат алған 11 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.

ЖКО салдарынан жарақат алған және қаза болған жолаушылардың аты-жөні анықталып жатыр. Жамбыл облысының ІІД ЖПБ жедел-тергеу тобымен оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, ҚР ҚК 296 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны