29.06.2009, 10:06 1042

Жамбыл облысындағы тауларда 100 гектардан астам аумақта шөп өртенді

Жамбыл облысындағы тауларда 100 гектардан астам аумақта шөп өртенді

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысындағы тауларда 100 гектардан астам аумақта шөп өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Шу ауданында Айтау тауларында Шоқпар, Балуан шолақ, Жаңақоғам ауылдық округетірінің аумағында 27 маусымда сағат 18.56-да 100 гектардан астам аумақта шөп өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 14 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 68 адамының күшімен 29 маусымда 02 сағат 06 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны