31.07.2008, 09:34 2737

Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, 23 адам зардап шекті

Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, 23 адам зардап шекті

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 534-ші шақырымында 31 шілдеде сағат 02.20-да ішінде 34 жолаушысы бар "Сетра" жолаушылар автобусы мен "К-700" тракторы соқтығысты.

Апат салдарынан 30 - 35 және 35 - 40 жастағы екі ер адам мен 20 - 25 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды; тракторда отырған 29 жастағы ер адам, автобуста отырған бес адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шекпегендер жолай өтіп жатқан көліктермен Алматыға жіберілді.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласы Жезқазған ауылында 31 шілдеде сағат 00.24-те жолаушыларды тасымалдайтын "НефАЗ-4" автобусы мен "ЛК-4" автотасымалдаушы соқтығысты. Автобуста 40 адам болған.

Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 17 адам, соның ішінде 9 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Сегіз жұмысшы амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны