21.12.2011, 11:17 3462

Жаңаөзенде ұялы байланыс қалпына келтірілді

"Ұялы байланысты қалпына келтірдік, телефон байланысын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", -деп хабарлайды ақтаулық "Лада" газеті В.Божконың Ө. Шөкеевтің сейсенбі күні Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияның жағдайды тұрақтандыру мәселелері бойынша отырысының қорытындысы бойынша айтқан сөздерін келтіре отырып.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде ұялы байланыс қалпына келтірілді телефон байланысын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрі (ТЖМ) Владимир Божко мәлімдеді.

"Ұялы байланысты қалпына келтірдік, телефон байланысын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", -деп хабарлайды ақтаулық "Лада" газеті В.Божконың Ө. Шөкеевтің сейсенбі күні Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияның жағдайды тұрақтандыру мәселелері бойынша отырысының қорытындысы бойынша айтқан сөздерін келтіре отырып.

"Біздің бірінші топ қаланың инфрақұрылымын қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Біз тексеру жүргіздік, қазір жағдай туралы баяндай аламыз. Жаңаөзен қаласында барлық дүкендер, базарлар жұмыс істеп жатыр. Жекелеген тауарлардың бағасы Астанадағыдан арзан. Наубайханалардың бәрі ұнмен қамтамасыз етілді, нан жеткізуде іркілістер жоқ. Байланыс пен жарық қалпына келтірілді", - деді ол.

Министрдің ақпаратына сәйкес, Жаңаөзенді қалпына келтіруге бірінші кезектегі шығындар белгіленді.

"Ертең "Халық банкі" жұмысын бастайды. Оларда қаржы бар, Жаңаөзенде Т1 млрд-қа жуық. Банкоматтарының біразы зардап шекті, бірақ көп бөлігі бар. Оларда инкассаторлық көліктер бар, сондықтан қаржы тасымалдаумен қиындықтар туындамайды. Жылу, газ, су бар. Ауыз су мен техникалық суды жеткізу бойынша іркілістер жоқ", - деді ТЖМ басшысы.

Еске сала кетейік, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік 16 желтоқсанда болған. 46 нысан бұзылып, өртелді.

Бас прокуратура 14 адамның қаза болғанын, оның 11-інің аты-жөндері анықталғанын хабарлады.17 желтоқсанда Шетпе станциясында тәртіпсіздіктерге тосқауыл қою кезінде 1 адам қаза болып, 5 полиция қызметкері жарақат алды.

Президенттің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді. Үкіметтік комиссия құрылды, оны бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев басқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны