22.04.2011, 16:20 4143

Жапонияда бір тәулік ішінде алты рет жер сілкінді

Жапонияда бір тәулік ішінде алты рет жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Жапонияда бір тәулік ішінде алты рет жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жапонияда өткен бір тәулік ішінде магнитудасы 5,0-ден 6,1-ге дейін жеткен алты жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Ұлттық геология қызметiнiң деректері бойынша, олардың барлығы Хонсю аралына мақын маңда болған, деп жазады РБК.

Зілзаланың ең күштісі ел астанасы Токио қаласынан 64 шақырымда тіркелді. Жер асты дүмпуі 42,9 шақырым тереңдікте болды.

Ең соңғы жер сiлкiнісі құрғақ жерге ең жақыны болып шықты - олар Иваки қаласынан 61 шақырым және Фукусима қаласынан 76 шақырым қашықтықта тіркелген. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 36,6 шақырымды құрады.

Құрбандар мен ғимараттардың қирағаны, сонымен бiрге цунами қаупі туралы мәлiметтер түспедi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны