04.04.2011, 14:31 3751

Жапонияда болған жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асып жығылады

Жапонияда болған жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - сәуір. Kazakhstan Today - Жапонияда болған жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews. Kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жапония Бас полицей басқармасы хабарлаған соңғы деректер бойынша, зілзала мен цунами салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 27650 адамға жеткен. Табиғи апат 12157 адамның өмірін қиса, 15 496 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында.

Мяги префектурасы апатынан қатты зардап шеккен құрбандардың саны 7431 адамға жеттi, ал оған көрші жатқан Иватэ және Фукусима префектурасында сәйкесiнше 3540 және 1126 тұрғын қаза тапты. Хонсю аралының осы және өзге де жағалауды аудандарының 20 мыңға жуық ғимараттары түгелімен қирап, алып цунами толқыны 1165 үйді мұхитқа көшіріп әкеткен, 200 жуық үй қожалықтары жанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны