28.03.2011, 12:54 4239

Жапонияда тағы да алапат жер сілкінісі болды

Жапонияда тағы да алапат жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияда тағы да алапат жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапония жағалауында тағы бір қуатты жер сілкінісі болған. Магнитудасы 6,5 болатын жерасты дүмпулері Хонсю аралындағы Иватэ превектурасындағы Мориоко қаласынан 105 шақырым жерде тіркелген.

Цунами туралы ескерту жасалғандығы туралы жергілікті NHK телеарнасына сілтеме жасай отырып РБК хабарлады. Хабарламаға сәйкес, толқын Жапнияның солтүстігін басып қалу қаупін туғызды.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы 54,1 шақырым тереңдікте болды.

Кейін цунами туралы болжам алынып тасталды, өйткені сейсмологтардың ақпараты бойынша толқынның биіктігі ең көп дегенде 50 сантиметрді құрайтын еді.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа жерасты дүмпулері салдарынан қаза тапқандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісі апатты "Фукусима" АЭС-інен 161 шақырым жерде орын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны