14.03.2011, 17:03 6552

Жапониядағы АЭС тағы екі жарылыс болды

Жапониядағы АЭС тағы екі жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапониядағы АЭС тағы екі жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жапонияның билік өкілдері Фукусима префектурасындағы АЭС-ның үшінші реакторында сутегінің екі рет жарылғандығы туралы хабарлаған.

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, жарылыс салдарынан ғимараттардың бірінің қабырғасы құлаған, соған қарамастан реактордың өзі аман.

Сондай-ақ, жарылыс салдарынан 11 адам зардап шеккен. Сонымен қатар, АЭС 20 шақырым жерде бірнеше жүздеген адамдар қауіпсіз жерге көшірілмеген. Оларға үйлерінен шықпау туралы хабар берілген. Билік оқиға болған жердегі радиацияның деңгейін тексеруге тапсырма берген.

Естеріңізге сала кетсек, бұрынырақ, осы АЭС бірінші реактор маңында жарылыс болған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны