23.04.2012, 11:15 3376

Жапонияның Ямагути префектурасындағы химиялық зауытта екі ірі жарылыс болды

Жарылыстың күштілігі соншалық, зауыт маңындағы жүздеген ғимараттардың терезелері сынған. Зауыттың ішінде өрт шығып, алау тек 13 сағаттан кейін ауыздықталды. Ғимарат иелерінің сөзіне қарағанда, құрбандар саны бұдан көп болуы ықтимал еді.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Жапонияның Ямагути префектурасындағы химиялық зауытта екі ірі жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бір адам оқиға орнында қаза тауып, 20-шақты адам түрлі жарақат алды.

Жарылыстың күштілігі соншалық, зауыт маңындағы жүздеген ғимараттардың терезелері сынған. Зауыттың ішінде өрт шығып, алау тек 13 сағаттан кейін ауыздықталды. Ғимарат иелерінің сөзіне қарағанда, құрбандар саны бұдан көп болуы ықтимал еді.

Абырой болғанда, осының алдында дәл осы компанияның басқа бір кәсіпорнында болған апат салдарынан осы зауытта да өндіріс тоқтатылып, мекемеде жұмысшылар саны аз болған екен. Кейбір мәліметтерге қарағанда, дәл осы конвейердің тоқтатылуы апатқа себеп болған көрінеді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны