06.02.2012, 13:00 4020

ЖЭО болған апат салдарынан Кентау қаласы жылусыз қалды

№5 жылу-энерго орталығындағы апаттық жағдайға байланысты Кентаудың 35 мың тұрғыны пәтерлерінде жаурап отыр. Қатты аязда қала тұрғындарын жылусыз қалдырған орталық осымен екінші рет осындай жағдайға душар болды.

Кентау. 6-ақпан. Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облысының ЖЭО болған апат салдарынан Кентау қаласы сықырлаған сары аязда жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

№5-ші ЖЭО болған апат салдарынан орталық жұмысын толықтай тоқтатқан. Жылу қазандықтары бірінен соң бірі істен шыққан. Изірге оның себебі белгісіз. Сондықтан жеркілікті халық жылыну мәселесін өздері шешуге мәжбүр. Бүгін жедел түрде шахарға тағы 500 электр жылыту қондырғылары сатылымға жеткізілді. Билік өкілдері сейсенбі күні бір қазандықты жөндеп, іске қосуды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетсек, Кентау қаласындағы тұрғындарының саны 80 мыңға жетіп жығылады.

№5 жылу-энерго орталығындағы апаттық жағдайға байланысты Кентаудың 35 мың тұрғыны пәтерлерінде жаурап отыр. Қатты аязда қала тұрғындарын жылусыз қалдырған орталық осымен екінші рет осындай жағдайға душар болды.

Апаттық жағдай туралы хабар сенбі күні сағат 8.00 түскен. Хабар келген сәттен бастап арнайы топ құрылып, оқиға орнына облыс әкімі Асқар Мырзахметов те келді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко да өзінің қызметкерлерімен оқиға орнына келді.

Ауа-райының күрт төмендеуінен трансформаторлар қатып қалып, №5 ЖЭО-на электрэнергиясы берілмей қалған. "Қазандықтар тоқтап қалып, трансформаторларды іске қосамын дегенше, мазуттар да қатып қалды. Апаттық жаңдайды қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалып жатыр."-деп хабарлайды облыс әкімінің орынбасары Сакен Қаныбеков.

Бүгінгі таңда Кентаудағы мектептерде "карантин" жарияланып отыр. Жылусыз қалғандардың арасында аурухананың емделушілері де бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары жаурап отырса, жеке секторда тұратындар сусыз қалды. Жан-жақтан жарылған суқұбырларынан аққан су, көшені көк мұзға айналдырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны