16.10.2009, 10:16 1568

Жезқазғанда саяжайдағы өрт салдарынан бір әйел қаза тапты

Жезқазғанда саяжайдағы өрт салдарынан бір әйел қаза тапты

Астана. 16 қазан. Kazakhstan Today - Жезқазғанда саяжайдағы өрт салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Жеқазған қаласындағы "Дачник" саяжайлар қоғамында болған.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының күшімен 04 сағат 15 минутта сөндірілді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында да өрт болды. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Солтүстік Жезқазған кен орнының өндірістік аймағы аумағында сағат 07.54-те бас механиктің жұмыс бөлмесі мен демалыс бөлмесінде 48 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 9 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 33 адамының күшімен 09 сағат 30 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны