26.03.2012, 15:09 3524

Жезқазғанда шатырдан құлаған мұз сеңі әйел адамды мерт қылды

"20 наурызда, сағат 18.00 шамасында Жезқазған қаласы Сейфуллин көшесі бойындағы 65 үй маңында екі қабатты "Траст" дүкенінің шатырынан құлаған мұз сеңі 1941 жылы туған қарт әйелді мерт қылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Жезқазғанда шатырдан құлаған мұз сеңі әйел адамды мерт қылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"20 наурызда, сағат 18.00 шамасында Жезқазған қаласы Сейфуллин көшесі бойындағы 65 үй маңында екі қабатты "Траст" дүкенінің шатырынан құлаған мұз сеңі 1941 жылы туған қарт әйелді мерт қылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, құтқарушалыр мәліметтеріне сәйкес, 22 наурыз күні түнде Қарағандыда Қазбек би ауданы Ермеков 114/1 мекен жайындағы 9 қабатты үйде жыл сайынғы көктемгі жаңбыр мен қар еру салдарынан пәтер үстіндегі үйдің шатырлық қабатында 3 темірбетон плиталары опырылып түсті.

Опырылу аумағы шамамен 18 шаршы метрді құрады. Опырылу кезінде ыстық су құбыры зақымданып, нәтижесінде ыстықсу беру тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, шатырдан құлап кеткен мұз салдарынан Риддерде 60 жасар ер азамат қаза болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны