08.06.2012, 16:06 3310

Жолаушылар автобусы жардан құлады, 16 адам мерт болып, 31-і жарақаттанды

Қайғылы оқиға Боливияның әкімшілік елордасынан 46 шақырым жердегі Ла-Пас қаласында орын алды. Белгісіз себептерге байланысты автобус жолдан шығып кетіп, 120 метр биіктіктен шыңырауға құлап кетті. Жарақаттанғандардың көбісінің жағдайы ауыр, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Автобус оқушыларды спорттық сайысқа апара жатқан.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Боливияда жолаушылар автобусы жардан құлады, 16 адам мерт болып, 31-і жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бейсенбіде жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.

Қайғылы оқиға Боливияның әкімшілік елордасынан 46 шақырым жердегі Ла-Пас қаласында орын алды. Белгісіз себептерге байланысты автобус жолдан шығып кетіп, 120 метр биіктіктен шыңырауға құлап кетті. Жарақаттанғандардың көбісінің жағдайы ауыр, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Автобус оқушыларды спорттық сайысқа апара жатқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны