11.03.2013, 14:38 12372

13-15 наурызда Хельсинкиде Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтеді

"13-15 наурыз күндері Хельсинки қаласында, Финляндияда, кезекті Қазақстан-финдік бизнес форум өтеді. Оның жұмысына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қапаров, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және еліміздің іскер топтарының өкілдері қатысады деп жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - 13-15 наурызда Хельсинкиде Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"13-15 наурыз күндері Хельсинки қаласында, Финляндияда, кезекті Қазақстан-финдік бизнес форум өтеді. Оның жұмысына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қапаров, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және еліміздің іскер топтарының өкілдері қатысады деп жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

Сондай-ақ, ресми өкіл 2009 жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға мемлекеттік сапары орын алғанын және өткен жылы Қазақстан Хельсинки қаласында өзінің елшілігін ашқанын еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны