15.06.2006, 16:33 2754

2007-жылдан бастап Қазақстан өкілі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болмақ

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. 2007-жылдан бастап Қазақстан өкілі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болмақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“2007-жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан өкілі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып бекітіледі. Бұл кандидатураны бүгін мемлекет басшылары мақұлдап бекітті”, деді мемлекет басшысы Шанхайда өткен қорытынды баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін ұйымның жоғары лауазым иесінің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұдан былай ол Шанхай ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы емес, бас хатшысы деп аталады. Ротациялық принципке сәйкес Қазақстан өкілі бас хатшы лауазымын 2009-жылға дейін иемденеді. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қазіргі атқарушы хатшысы
Чжан Дэгуанның өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың аяғында аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны