27.12.2007, 18:08 3270

2008 жылы Қазақстанда ШЫҰ мүше елдердің парламент басшыларының екінші кездесуі өтеді

2008 жылы Қазақстанда ШЫҰ мүше елдердің парламент басшыларының екінші кездесуі өтеді

Астана. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің парламент басшыларының екінші кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте сенаттың ресми өкілі Мұрат Нұртілеуов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жыл халықаралық іс-шаралар мен өзара сапарларға толы болмақ. Сенат басшылар мен депутаттарының қатысуымен өтетін жоспарланған ірі халықаралық іс-шаралардың ішінде Астанада 28-маусым мен 3-шілде аралығында ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы, Алматыда 28 - 29 қазанда Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басылары құрылтайының 7-ші отырысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің парламент басшыларының екінші кездесуі өтеді",- деді Мұрат Нұртілеуов.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2008 жылы сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қытайға, Ресей мен Францияға, Сауд Арабиясына, Катарға, Біріккен Араб Имірлігіне, Польша мен Израильге ресми сапармен барды деп жоспарлануда.

"Өз кезегінде, Қазақстанға Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Коксал Топтан, Үндінің Штаттар кеңесінің төрағасы Мохаммед Ансари, Өзбекстан мәжілісінің Олиий кеңесінің төрағасы Ильгизар Собиров және басқалар ресми сапармен келеді деп күтілуде",- деп хабарлады Мұрат Нұртілеуов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны