12.04.2013, 13:20 120301

23 сәуірден бастап Астана-Бішкек қатынасындағы жаңа авиарейс іске қосылады

"23 күні Астана-Бішкек алғашқы авиарейсі өтеді, оны аптасына 4 рет жиілікпен "Эйр Астана" орындайды. Бұл да жетістік, ол қарым-қатынасымыздың дамуына ықпал етеді", - деді Ерлан Ибділдаев.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап Астана-Бішкек қатынасындағы ұшу жиілігі аптасына 4 рет болатын жаңа

авиарейс пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ибділдаев Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдрысовпен кездесу барысында мәлім етті.

"23 күні Астана-Бішкек алғашқы авиарейсі өтеді, оны аптасына 4 рет жиілікпен "Эйр Астана" орындайды. Бұл да жетістік, ол қарым-қатынасымыздың дамуына ықпал етеді", - деді Ерлан Ибділдаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны