12.06.2006, 16:32 2798

9 мемлекеттің басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 2-саммитіне қатысатынын растады

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. 9 мемлекеттің басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 2-саммитіне қатысатынын растады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Ресей, Қытай, Изербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд мемлекет басшылары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 2-саммитіне қатысатынын растады.. Израиль, Монғолия және Түркиядан үкімет басшыларының орынбасарлары, Үндістаннан үкімет басшысының арнаулы өкілі деңгейінде делегациялар қатыспақ. Корея Республикасын ұйымға мүше ретінде қабылдау көзделген.

Бақылаушы ел ретінде Украинадан алғаш рет жоғары деңгейлі өкіл қатысқалы отыр.
Сонымен бірге саммитке БҰҰ бас хатшысының орынбасары мен Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы қатысады. “Сөйтіп, алдағы саммит халықаралық деңгейдегі аса маңызды оқиға болмақ. Ол Қазақстанның халықаралық беделінің жоғары екенін тағы бір дәлелдей түспек”,- деді Е.Ашықбаев.

Сонымен бірге ол Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының Алматыдағы хатшылығы өз жұмысын бастайтынын хабарлады. Саммит қорытындысы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 2-саммитінің декларациясына қол қойылады. Онда ұйымға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өщекті мәселелерге, Азия құрлығы мен дүниежүзіндегі ынтымақтастыққа, соның ішінде БҰҰ-н реформалауға, халықты жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға, аймақтық дау-дамайларды реттеуге деген көзқарасы көрініс табады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны