12.01.2012, 17:35 3910

"Ақ жол" еліміздің барлық ірі қалаларында ересектерге арналған қазақ тілін үйрететін тегін курстар ашады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "10-қаңтар күні "Ақ жол" ҚДП төрағасы бастаған партия мүшелері сайлауалды бағдарламасы аясында Балқаш қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді".

Балқаш. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақ тілін дамыту үшін "Ақ жол" ҚДП еліміздің барлық ірі қалаларында ересектерге арналған қазақ тілін үйрететін тегін курстар ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев сейсенбі күні Балқаш қаласының қауымдастығымен өткен кездесу барысында мәлім етті.

"Күні кеше ғана біз Алматыдағы зауыттардың бірінің ұжымымен кездесіп, сұхбаттастық. Онда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі орыс тілді азаматтар. Олар өз отанын және қазақ тілін сыйлайтындықтарын, бірақ мемлекеттік тілді үйренетін мүмкіндіктетінің жоқ екендіктерін айтып отыр. Олардың балалары мектепте қазақ тілін оқып-үйренеді, бірақ ересек адамдар қарапайым сөйлеспелі сөздерді үйренгісі келеді. Ал оқытушы жалдау өте қымбат. "Ақ жол" партиясы еліміздегі барлық ірі қалалардағы партия бөлімшелерінің кеңселерінде жексенбі күні өткізілетін үлкендерге арналған тегін қазақ тілінің курсын ашатындығы туралы жария етеді",- деп мәлім етті Азат Перуашев кездесу барысында "Ақ жол" партиясы мемлекеттік тілді дамыту мәселесін қалай қолға алмақ деген сұраққа жауап бере отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "10-қаңтар күні "Ақ жол" ҚДП төрағасы бастаған партия мүшелері сайлауалды бағдарламасы аясында Балқаш қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді".

Үгіт-нәсихат жүргізу тобына құрамына "Жетісу" ИКК төрағасының орынбасары Арман Евниев, ҚР Аграрлық-Өнеркәсіптік палатасының президенті Асылхан Игібаев, Партияның орталық кеңесінің хатшысы Берік Дүйсембинов, белгілі саясаттанушы және журналист Асхат Асылбеков, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов, сонымен қатар, партияның Қарағанды облысындағы бөлімшесінің белсенділері қатысты.

"Ақжолдықтар" бүгінде Балқаш тұрғындарын алаңдатын отырған көкейтесті сұрақтарға жауап берді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Мысалға айта кетсек, көптеген сайлаушыларды "Ақ жол" партиясының сайлауалды платформасында ұсынған қол жетімді пәтер мәселесі толғандырады.

Естеріңізге сала кетсек, оның негізгі бөлімдеріне сәйкес, мойнында ипотекасы бар жас отбасында дүниеге келген сәби санына байланысты мемлекет осы отбасының төлейтін несиесінің белгілі бір пайызын өтейді. Тыңдармандарды көпбалалы отбасылар жайы көбірек толғандырды.

"Егер отбасында төртінші бала дүниеге келсе мемлекет олардың несиелік міндеттерін толықтай өз мойнына алады. Біз осылай тек жастарды баспанамен қамтып қана қоймай, қоғаммен бірлесе отырып демографиялық көрсеткішті де көтереміз",- деп атап өтіт Азат Пеурашев.

Кездесу өткен залда өздерінің шағын бизнестері бар азаматтар да аз болған жоқ. Олар партия тарапынан шағын және орта бизнес субъектілерін қорғауда қандай шаралар қолданылатындығы туралы да сұрақтар қойып, партия белсенділері тарапынан қанағаттанарлық жауаптар ала білді.

Сондай-ақ, шара барысында жалған кәсіпкерлік, экономика саласындағы қылмыстар, денсаулық сақтау және өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер үшін жеңілдіктер сияқты өзекті мәселелер де талқыланды.

Кездесу соңында партия төрағасы "Ақ жол" ҚДП жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны