24.02.2012, 14:19 4293

"Ақ жол" партиясы электр энергетикасы туралы заң жобасын түбегейлі қайта өңдеу туралы ұсыныс білдірді

"Осы арқылы Сіз басқаратын жұмыс тобының қарауындағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша позициямды ұсынамын",- деп айтылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Бикенов мырзаға жолдаған жолдауында.

Астана. 24-ақпан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы электр энергетикасы туралы заң жобасын түбегейлі қайта өңдеу туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы арқылы Сіз басқаратын жұмыс тобының қарауындағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша позициямды ұсынамын",- деп айтылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Бикенов мырзаға жолдаған жолдауында.

"Аталған заң жобасының, оған түсіндірме жазбада көтерілген проблемалар тізбесінің де өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды. Сонымен қатар, заң жобасында ұсынылып отырған көзқарастар алға қойылған міндеттерге толық дәрежеде сәйкес келмейді, саланың экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты емес, оның үстіне сыбайлас жемқорлық көріністеріне белгілі дәрежеде өріс ашады. Мәселен, саладағы қазіргі проблемалар (ең алдымен, инвестициялық міндеттемелердің орындалмаы жөніндегі проблемалар) электр энергиясының қазіргі бар нарығына қосымша ретінде қуат нарығын қалыптастыру арқылы шешу ұсынылады",- деп санайды "Ақ жол" партиясы.

"Алайда, Жобада қандай да бір баға белгілеу критерийі мен энергия көздерінің топтары бойынша өнідірушілерді саралау (көмір, дизель, газ, жел, гидроэлектр станциясы, ко-генерациялық көздер және т.б.) жоқ кезде мәлімделген нақты күрделі салымның арттырылуының орнына ұсынылған осы нарықтағы бағаның онысыз да барынша реттелуінің тереңдей түсуі саланың инвенстициялық тартымдылығының одан әрі құлдырауына алып келеді", - деп айтылған құжатта.

Партия төрағасының пайымдауынша, "Жобаны негізге алған әлеуетті инвесторға нәтиже үшін жұмыс істеу (яғни ең төменгі өзіндік құн бойынша барынша көп энергияны нақты өндіру) емес, кез келген жолмен уәкілетті мемлекеттік органда бекітіп алған іс жүзіндегі немесе жалған шығындарын кепілдік берілген жағдайда қайтарып алу үшін оларды арттыра беретін болады. Бұл орайда сала бойынша пайда нормасы заң жүзінде реттелмеген, ал қаржылай ауыртпалықтың бәрі түпкі тұтынушыға жүктеледі".

"Іс жүзінде, қуат нарығының орнына Жоба: әуелі сатып алу түріндегі (оның үстіне, тіпті энергия түріндегі тауарды емес, оны өндіруге қабілеттілікті), ал содан кейін - тұтынушылар үшін міндетті тариф арқылы монополияны құруды ұсынады. Қалай дегенмен де мұндай көзқарасты нарықтық көзқарас деуге болмайды, нарықта тауарды өндіруге ҚАБІЛЕТ емес, ТАУАРДЫҢ өзі сатылады; оның үстіне бұл тауардың құнын "уәкілетті орган" емес, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы айқындайды",- деп көрсетілген құжатта.

"Тіпті "адал" инвестор болғанның өзінде мұндай көзқарас жағдайында тарифтерді өсіруге алып келетін нақ шығынды жобалар ынталандырылатын болады, өйткені бұл форматта кепілдікті қайтарылатын инвестициялар көлемі мемлекеттік органдар бағасына ғана сүйенеді және олардың нақты экономикалық тиімділігіне байланыстырылады. Басқа ықтимал нұсқа - барынша сыбайлас жемқорлыққа негізделген, қуат беретін объектілердің жобалық құнын жалған арттыруға және осы жалған шығынды тарифті қымбаттату арқылы "қайтаруға" бағдарланған",- деп тоқталған А. Перуашев.

"Екі жағдайда да өскелең қаржылай ауыртпалық Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған өндірістік кәсіпорындарды қоса алғанда, тұтынушыларға түсетін болады, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді. Нәтижесінде энергетика өнімділігі жоғары экономика инфрақұрылымына айналмайды, өндіріс пен халық негізсіз қымбаттаған энергетиканың кепіліне айналады",- деп мәлімдейді партиялықтар.

"Жобаны әзірлеуші ұсынып отырған модельдің дүние жүзілік практикада оңды мысалы жоқ екенін, ал қуат нарығын құруды жоспарлаған Ресей бұдан 2011 жылғы маусымда бас тартқанын атап айтқан жөн. Бұдан басқа, Жобаның мәтіні бойынша бірқатар заңды сұрақтар туындайды: мысалы, инвестициялық міндеттемелерді қоса алғанда, шығындардың бәрі электр энергиясы нарығында шекті тарифтерде ескерілген болса, қуат нарығында шекті тарифтерді белгілеу кезінде қандай шығындар ескерілетін болады? Бұл жаңа нарықта баға топтары белгіленетін бола ма, ал олар қалай қалыптастырылатын болады? Немесе басқа бір сұрақ - қуат әзірлігін ұстауға арналған шығындардан басқа, жаңа энергия өндіруші ұйымдармен шарттарда тарифтер бола ма, электр энергиясын өзінің өдіруіне шығындар да есепке алына ма?

Немесе тағы бір сұрақ - Электр өндіруші ұйымдар өндірген, қуат нарығында сатылып кеткен қуат, электр энергиясы (идея бойынша электр энергиясы нарығында сатылатын) қалай өткізілетін болады? Мұндай сұрақтар өте көп",- деп тоқталады партия төрағасы.

"Біздің пікірімізше, әрбір генерация түрі үшін тіркелген тариф бойынша өндірілген электр энергиясын ұлттық оператор арқылы кепілдікпен сатып алу нұсқасы түбегейлі тұрғыда неғұрлым ұтымды болар еді, бұл инвестициялардың қайтарылуын оларды мақұлдау фактісінің өзіне ғана емес, нақты тиімділік жобасына бекітуге мүмкіндік береді. Бұл көзқарас сыбайлас жемқорлықты жойып, салаға инвестициялар мен қазіргі заманғы технологияны тартуға мүмкіндік берген болар еді",- деп атап көрсетілген құжатта.

Оның пайымдауынша, "дүние жүзілік энергетикада инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін үш негізгі жағдай пайдаланылады - өндірілген қуатты кепілдік беріп сатып алу, энергия генерациясының әрбір типі үшін бірыңғай тариф белгілеу және ұлттық оператор желісінде қуатты өткізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Илеуметтік міндеттер, тарифтерді олардың нақты деңгейіне шығарған кезде, ұлттық операторға немесе тікелей - коммуналдық қызметке төлеу ұшін күнкөрісі төмен отбасыларға жүйелі дотация беру жолымен шешіледі. Бұл ұсынысты аталған заң жобасына түзету түрінде беру мүмкін болмайды, өйткені тиісті түзетуді бүкіл мәтін бойынша енгізуге тура келеді.

"Енгізілген заң жобасын жоғарыда баяндалғанның негізінде түбегейлі қайта өңдеу ұтымды болады деп есептейміз",- деп қорытындылайды партия төрағасы А. Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны