09.01.2012, 16:16 3457

"Ақ жол" партиясы ҚР ОСК Сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы туралы мәлімдеп, тиісті шара қолдауды сұрады

"Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев ҚР ОСК төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұлов мырзаға Сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы туралы баяндап, тиісті шара қолдауды сұраған мәлімдеме жолдады",- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы ҚР ОСК Сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы туралы мәлімдеп, тиісті шара қолдауды сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев ҚР ОСК төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұлов мырзаға Сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы туралы баяндап, тиісті шара қолдауды сұраған мәлімдеме жолдады",- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Мәлімдемеде "2012 жылғы 8 қаңтарда Қызылорда облысында сайлауалды іс-шаралары шеңберінде Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы партияның Төрағасы А. Перуашевтің, олимпиада чемпионы Б. Сәрсекбаевтың, "Жас қазақ үні" газетінің бас директоры Қазыбек Исаның, "Жас маман" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е. Ілиясовтың, партияның Парламент, облыс және қала мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың қатысуымен Партияның жақтастары форумын ұйымдастырған болатын. Іс-шара Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің акт залында өткізілді, залда 450-ден астам адам қатысып отырды. Форумға қонақ ретінде бірқатар басқа саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ("Ұлт тағдыры" қозғалысы, қалалық ардагерлер кеңесі және т.б.) басшылары мен төрағалары, сондай-ақ ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясы (3 адам) қатысты",- деп атап көрсетілген.

"Форум барысында Қызылорда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К. Хайруллаев кенеттен микрофонды өзіне алып, "Ақ жол" партиясының үгіт іс-шарасына заңсыз кедергі келтіруге әрекет жасады.

Атап айтқанда, ол "Ақ жол" партиясынан облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидатпен дау туралы ұзақ уақыт әңгіме айтты, ол жөнінде тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылданған болатын, ал ол сайлау комиссиясының шешімімен келіспеген еді. Оның сөзіне қарағанда ол прокуратураға өтініш берген. К. Хайруллаев мырза жиналғандардың іс-шараны жалғастыру туралы талабын ұзақ уақыт бойы елемей, өз пікірін партияның төрағасы А. Перуашевқа жеткізу қажеттігіне сілтеме жасап, Форумның жұмысын іс жүзінде тоқыратып тастады",- деп жазады партия төрағасы.

"Көптеген сайлаушылардың ашу-ызасына қарамастан үгіт тобы егде тартқан адамның әрекетіне әдепсіз жауап қайтаруға жол берген жоқ және оның ойға алғанының бәрін айтуына мүмкіндік беруге мәжбүр болды",- деп атап көрсетілген.

Оның үстіне К. Хайруллаев объективті әрі бейтарап болу жөнінде өзіне ерекше жауапкершілік жүктелген сайлау комиссиясының төрағасы статусына қарамастан, "Ақ жол" партиясынан кандидаттар "депутат болуға лайық емес", деп, жария түрде мәлімдеп, өзінің көрінеу теріс көзқарасын білдірді.

Партияның төрағасы ретінде мен ашу-ызаға булыққан жақтастарымызды бірнеше рет ұстамдылыққа және ниеттестікке шақырып, әрең тыныштандырып отырдым",- деп атап көрсеткен А. Перуашев.

"Іс-шараның бағдарламасы жиналғандарға жеткізілмей, тоқтатылды, ұйымдастырушылар жоспарланған бірқатар сөз сөйлеуді тоқтатып, Жақтастар форумын белгіленген графиктен ерте, сайлау комиссиясы төрағасының арандатқан мәлімдемесінен кейін, дереу аяқтауына тура келді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекет осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сайлауалды үгітін кедергісіз жүргізуге кепілдік береді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға қызмет міндеттерін атқару кезінде, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауалды үгітін жүргізуге, кез келген сайлауалды үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 50-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, адам сайлауалды үгітін жүргізу құқығына кедергі келтірген, сондай-ақ кандидаттар, саяси партиялар туралы жалған мәліметтер таратқан немесе олардың абройы мен ар-намысына нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және өзге де жауапкершілікте болады.

К. Хайруллаевтың іс-әрекетінде, біздің ойымызша, барлық жоғарыда көрсетілген бұзушылық белгілері, бұдан басқа ҚР ҚК 129-бабында көзделген қылмыс құрамы белгілері (Жала жабу, яғни басқа адамның абройы мен ар-намысына нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) көрініп отыр.

К. Хайруллаев қызметтік міндеттерін атқарып отырған лауазымды адам, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүшесі және басшысы бола отырып, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын бұзып, партияның сайлауалды үгітін жүргізуге кедергі келтірді, сондай-ақ Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының және оның өкілдерінің абройы мен ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметті жария түрде таратты.

Бұдан басқа К. Хайруллаев осы сайлауда Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына және оның кандидаттарына өзінің күні бұрын кесіп-пішілген әрі көрінеу теріс көзқарасын ашықтан-ашық жария етті, осынысымен өзі басқарып отырған сайлау комиссиясының объективті әрі бейтарап жұмысын қамтамасыз етуге қабілетсіз екендігіне көзімізді жеткізді.

Сайлау туралы заңнаманың бұзылуы баяндалған мәлімдемедегі факті бойынша оқиғаның бейнежазбасы бар. ЕҚЫҰ байқаушылары инциденттің бейнежазбасын өздері жүргізді", деп мәлімдейді партия төрағасы.

"Жоғарыда баяндалғандарға сәйкес назар аударып, тиісті шара қолдануды, К. Хайруллаев-ты Қызылорда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен шеттетуді және оны жұртшылықтың ашу-ызасын туғызып, қорлаған құқық бұзушылық жасағаны үшін заңда белгіленген лайықты жауапкершілікке тартуды талап етеміз.

Сонымен бірге, сайлау комиссиялары тарапынан Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының өкілдеріне қатысты бұдан әрі мұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу жөнінде шара қолдануды өтінеміз.

Осы өтінішіміздің қаралу нәтижесі туралы заңда белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз",- деп көрсетілген "Ақ жол" ҚДП жолдаған мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны