24.12.2011, 15:38 3637

Ақ жол партиясының басты ұстанымы халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты қамтамасыз ету болып табылмақ

23 желтоқсан күні Көкшетау қаласында "АҚ ЖОЛ" ҚДП президиумының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар "Төрт Құдық" кен байыту комбинаты" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Хаджи-Мурат Льянов, "Қазақстанның кәсіпкер әйелдері қоғамының" төрағасы Меруерт Қазбекова, "Қазақстанның құрылысшылар одағының" президенті Талғат Ерғалиев, "Ұлттық агронеркәсіп палатасының" президенті Асылхан Игбаев, "АҚ ЖОЛ" ҚДП Көкшетау облыстық филиалының төрағасы Жанқараш Шабданов, аймақтық партия активі өкілдерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақ жол партиясының басты ұстанымы халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты қамтамасыз ету болып табылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 желтоқсан күні Көкшетау қаласында "АҚ ЖОЛ" ҚДП президиумының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар "Төрт Құдық" кен байыту комбинаты" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Хаджи-Мурат Льянов, "Қазақстанның кәсіпкер әйелдері қоғамының" төрағасы Меруерт Қазбекова, "Қазақстанның құрылысшылар одағының" президенті Талғат Ерғалиев, "Ұлттық агронеркәсіп палатасының" президенті Асылхан Игбаев, "АҚ ЖОЛ" ҚДП Көкшетау облыстық филиалының төрағасы Жанқараш Шабданов, аймақтық партия активі өкілдерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті. Алдымен "ақжолдықтар" сарапшылар мен аймақтық кәсіпорындар жетекшілерінің қатысуымен кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің проблемаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында қазіргі туындап отырған мәселелер мен бизнесті қолдаудың нақты сұрақтары талқыланды.

Өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдағы кәсіпкерлерді қолдаудың қажетті шаралары туралы айтып өткен Асыл Игбаев, АӨК Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік негізі екендігіне база назар аударды. Хаджи-Мурат Льянов жиынға қатысушыларға "АҚ ЖОЛ" партиясының үкімет пен парламент алдында көтеруді көздеп отырған бірінші кезектегі шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы өндіріс технологиясы бойынша соңғы әлемдік стандарттарға жауап беретін, аймақтағы заманауи кәсіпорын - "Новопэк" ЖШС-ның және ірі кәсіпорын болып табылатын "Көкшетауминводы" АҚ еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулер барысында партияның сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.

"Халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін азайту, әртүрлі көлемде табыс табушы адамдар үшін қолжетімді баспананы, білікті дәрігерлік көмек алу үшін азаматтар құқығын қамтамасыз ету сайлауалды тұғырнаманың басты ұстанымдары болып табылады. "АҚ ЖОЛ" сондай-ақ білім сапасын жақсартуға, Қазақстанда бәсекеге қабілетті және нарықтық экономика қалыптастыруға ұмтылуда", - деп өз сөзінде Талғат Ерғалиев айтып өтті.

"Сонымен қатар, партия үшін ауыл тұрғындарына және елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдайларды туғызу, адамдардың рухани дүниесінің дамуы, тарихи дәстүрлер мен мәдени мұраларды сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды және сыртқы саясаттың жүзеге асыры-луы бойынша ұлттық мүдделерді ескеретін талаптарды күшейту маңызды болып табыла-ды", - деп Меруерт Қазбекова айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны