10.01.2012, 11:30 7896

"Ақ жол" партиясының өкілдері шетелдік бақылаушылармен бірге сайлау учаскелерін аралап көрді

"Ақ жол" да акциядан шет қалып жатқан жоқ. Бүгін олар шетелдік бақылаушылармен бірге Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, алдағы саяси науқанға дайындық барысымен танысты.

Алматы. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының өкілдері шетелдік бақылаушылармен бірге сайлау учаскелерін аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, "Ақ жол" да акциядан шет қалып жатқан жоқ. Бүгін олар шетелдік бақылаушылармен бірге Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, алдағы саяси науқанға дайындық барысымен танысты.

Мақсаттары - алдағы сайлауда кездесетін заңсыздықтардың алдын алу.

"Заң талаптарын сақтап, сайлаудың әділ де ашық түрде өтуін қамтамасыз етеміз" деген "ақжолдықтардың" бұл шарасы аталмыш партия атынан Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлерді қолдауға бағытталып отыр. Сайлауалды тұғырнамасында негізінен шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін және халықтың мұң-мұқтажын қорғамақ ниетте екендіктерін көздеген олар алдағы саяси додада үлкен межеден көрінуді мақсат тұтып отыр.

Сондай-ақ, "Ақ жол" солтүстіктегі үгіт-насихат жұмыстарына да қызу кіріскен. Петропавлдағы партия белсенділері тұғырнамаларын қала тұрғындарына дауыс зорайтқышпен жария етті. Олар: "Парламентке бизнес өкілдерін сайлау керек" -дейді. Өйткені осындай іскер жандар басқаратын ұйымдар мен мекемелерде қыруар адам еңбек етеді. Сондықтан олардың мұң-мұқтажына да етене таныс деген пікірде "ақжолдықтар".

"Ир адаммен екі-үш минут сөйлескеннің өзі қаншама түсінік беріп жатыр. Соған қарағанда, біздің болжамымыз 15-20 пайыз көлемінде, біздің партиямыз сайлауда сонша алуға тиісті деп ойлап отырмыз",- деп мәлім етті Ақ жол" партиясының мүшесі Арман Евниев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны