29.12.2011, 13:29 3456

"АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті

"Ақ жол" ҚДП сайлауалды іс-шаралар аясында Астанада "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті. Аталған кәсіпорын 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып отырған аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП сайлауалды іс-шаралар аясында Астанада "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті. Аталған кәсіпорын 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып отырған аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Техникалық жабдықталуы жағын алсақ, кәсіпорынның арнайы жөндеу цехтарында байқау жұмыстары мен жөндеу түрлері бойын-ша электровоз жабдықтарын жөнге келтіру үшін қажетті деген барлық стендтер қолданылады, соның ішінде байқау стансасы бар", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Теміржолшылармен өткен кездсеуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер Талғат Ерғалиев, Асқар Смағұлов, мәслихатқа үміткерлер Абзал Ибенов, Сергей Романов, Жанат Асанқали, қалалық сайлауалды штабтың басшылығы, партияның қалалық активі келді. Олар сайлаушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді. Жиналғандардың көбін партияның жас отбасыларды әлеуметтік қолдау, баспаналардың қол жетімділігі сұрақтары бойынша ұсыныстары қызықтырды.

"Мемлекет өз нанын өз тауып, бюджетке салық төлеп және де басқаларға жұмыс беріп жүргендерді қолдауға міндетті",- деп мәлім етті ҚДП төрағасы.

Үгіт-насихат тобы кездесуге қатысқандарды 2012 жылдың 15 қаңтарындағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны