19.12.2007, 17:46 2618

АҚШ Қазақстанға ЕҚЫҰ аясында өзіне жүктеп алған міндеттемелерін атқаруға қолдау көрсетуге дайын - Қазақстандағы АҚШ елшісі

АҚШ Қазақстанға ЕҚЫҰ аясында өзіне жүктеп алған міндеттемелерін атқаруға қолдау көрсетуге дайын - Қазақстандағы АҚШ елшісі

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Қазақстанға ЕҚЫҰ аясында өзіне жүктеп алған міндеттемелерін атқаруға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвэй мәлімдеді.

"Қазақстанның ұйым шеңберіндегі басқа да әріптестері секілді біз алдағы жылдарда Қазақстанның өз берген уәделеріне сәйкес жүктеп алған міндеттемелерін орындап шығуын қамтамасыз етуге байланысты сіздің елмен жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Д. Ордвэй.

Оның атап көрсетуінше, "АҚШ Мадридте өткен ЕҚЫҰ-ның министрлер конференциясында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болып сайлану дерегіне көңілі толады".

"Біздің пайымдауымызша, бұл ұйым үшінде де, Қазақстан үшін де аса маңызды перспектива болып табылады. Бұл Қазақстанның экономикалық реформалар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, толеранттылықты қамтамасыз ету, діни үйлесімділікті қамтамасыз ету секілді салаларда қол жеткізген жетістіктерін мойындау болып табылады", - деді елші.

Оның айтуынша, "АҚШ бұған қоса Қазақстан сыртқы істер министрі Тәжиннің Мадридте жария еткен оңды әрі серпілісті міндеттемелеріне, сондай-ақ, Қазақстанның ұйым мен демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюроның тағдырына қатысты міндеттемелеріне де үлкен ризашылықөпен қарайды".

"Біз бұған қоса Тәжин мырзаның заңнамалық сипаттағы реформалар, БАҚ саласындағы заңнама мен сайлау заңнамасын реформалау салаларына қатысты демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету жөнінде Қазақстан атынан жүктеп алған міндеттемесіне де қуаныштымыз әрі ризамыз", - деді Д. Ордвэй.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны