28.09.2006, 13:18 3070

АҚШ конгрессінің мүшелері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табысына тәнті болды

ВАШИНГТОН. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ конгрессінің мүшелері кеше кешке қонақтарға арналған "Блэр Хауз" резиденциясының "Джексон Плэйс" залында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентігінің арнаулы тілшісі.

Қонақасы аяқталғаннан кейін резиденция алдындағы алаңға шыққан конгресс мүшелері баспасөзге арнап мәлімдеме жасады. Конгресмендердің арасында сенатор Сэм Браунбек (Канзас штатынан), Нью-Джерси штатынан Джин Сакстон, сенатор Мэри Ландрье (Луизиана штатынан), Калифорния штатынан Дэррилл Айсса, Юта штатынан Крис Кэннон, Алабама штатынан Роберт Адерхолт болды.

АҚШ конгрессінің мүшелері өз сөздерінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында түрлі салаларда қол жеткізген таңғажайып табыстарын атап өтті. Олар сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімді болатынына сенім білдірді.

Мәселен, сенатор С.Браунбектің мәлімдеуінше, "Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының маңызы зор және ол аса қарқынды дамып келеді". Оның пікірінше, "Қазақстан мен АҚШ экономика, адам құқықтарын қорғау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Қазақстан көптеген салаларда таң қаларлық табыстарға қол жеткізді. Осы 15 жылдағы табыстарыңызбен сіздерді құттықтауға болады", деп атап өткен С.Браунбек "екі ел ортақ гүлдену мақсатындағы байланыстарды одан әрі өрбіте береді" дегенге сенім білдірді.

Конгресс мүшесі Д.Сакстонның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыты - экономикалық ынтымақтастық болмақ. "Екінші бағыт - ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғаламдық қауіп-қатерлермен күрес". Сонымен бірге оның айтуынша, "бұл сапар конгресс мүшелері мен басқа да қарапайым американдықтарға Қазақстан туралы және жалпы Орталық Азия жайында көбірек білуге мүмкіндік береді".

"Біз Қазақстанда қол жеткізілген табыстар мен Назарбаевтың демократиялық және басқа да еркіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған талпыныстарына тәнті болдық. Конгресс мүшесі болып табылатын әйел ретінде өз басым сіздің елде әйелдердің қоғамдағы ілгерілеушілікті өрістету үшін қоғам өміріне толыққанды араласуына жасалып жатқан қадамдардан хабардармын",- деді М.Ландрье.

Ал конгресс мүшесі Д.Айстың пікірінше, Қазақстан мен АҚШ-тың "демократиялық еркіндіктер мен гүлденуге қатысты түсінігінде ортақ тұстар көп". "Мен екі ел жетекшілерінің жоғары деңгейдегі кездесуі өтеді деп күтемін. Өйткені олар ортақы құндылықтарды бағалайды және бұл екі елді ауқат пен гүлденуге алып келуге көмектеседі",- деді ол.

Конгресс мүшесі К.Кэннон да еліміздің кейінгі жылдардағы даму табыстарына тоқталып, "Қазақстандағы ілгерілеушілік шынымен таңдарыс тудырады. АҚШ пен Қазақстанның ұқсас, ортақ тұстары көп", деді .

Конгресс мүшесі Р.Адерхолттың пайымдауынша, "АҚШ тұрғындары Қазақстан туралы жеттік білген сайын екі ел арасындағы алмастық артады. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамиды деп сенеміз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны