07.12.2009, 18:56 2899

Алматы қаласында Есiрткiге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтеді

Алматы қаласында Есiрткiге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтеді

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - 8-9 желтоқсанда Алматы қаласында Есiрткiге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шетелдік делегациялар басшылары сыртқы және ішкі істер министрлер мен олардың орынбасарлары деңгейінде қатысады. Сонымен қатар, кездесуге халықаралық ұйымдар мен есірткіге қарсы құрылымдардың өкілдері және бақылаушы мемлекеттер мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) донор мемлекеттерінен қонақтар шақырылған.

Ашық талқылаудың барысында есіртікімен күресу, сұранысты азайту және келешек аймақтақтық ынтымақтастық қарастырылады.

Аталған кездесу бағдарламасының басты шараларының бірі және меморандумға қатысушылардың ең алып жобасы болып табылатын ОАӨАҮО инаугурациясы өткізіледі деп күтілуде.

1996 жылы 4 мамырда Ташкент қаласында Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз өндірілуін, айналымын және теріс пайдаланылуын бақылау саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандумға Орталық Азияның сыртқы істер министрлері және БҰҰ Есірткі мен қылмыстық жөніндегі басқармасының атқарушы директоры қол қойған болатын. Кейін меморандумға Ресей және Изербайжан мен Ага Хан даму қоры қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны