20.04.2009, 17:50 3306

Алматыда 28 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді

Алматыда 28 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында 2009 жылғы 28 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

І.Омаровтың хабарлауынша, онда қордың қызметіне қатысты, оның жарғылық органдарының - басқарма, атқару комитеті мен тексеру комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру, қордың халықаралық ұйымдармен, қаржылық құрылымдармен және донорлармен ынтымақтастығын арттыру мәселелері талқыланатын болады.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, алдағы саммитте қордың құрылтайшы мемлекеттері президенттерінің былтырғы жылы қабылданған шешіміне сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңде (2009-2011) ХАҚҚ төрағалығы міндетін Қазақстан Республикасы атқаратын болады.

"БҰҰ Бас Ассамблеясының 2008 жылғы желтоқсанда қабылданған шешімі бойынша Халықаралық Аралды құтқару қорына БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушысы дәрежесі берілген болатын. Бұл шешім Орталық Азия елдерінің дүниежүзілік қауымдастықты Арал проблемасы туралы хабардар ете отырып, Арал маңындағы экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғылықты халыққа көмек көрсету үшін донорлық қаржы тартуға мүмкіндіктер туғызады",- деді І.Омаров.

ХАҚҚ 1993 жылы Орталық Азия мемлекет басшыларының шешімімен Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарлары мен бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында құрылды.

Қордың құрылтайшылары - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны