28.06.2012, 16:14 2784

Алматыда БҰҰ-ның арнайы орталық-хабын ұйымдастыруды жоспарлануда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президеті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ян Кубишті қабылдады.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда БҰҰ-ның арнайы орталық-хабын ұйымдастыруды жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президеті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ян Кубишті қабылдады.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкіліне ЕҚЫҰ төрағалығы аясында Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жемісті болады деп үміттенеміз. Сіздің Қазақстанға сіңірген еңбегіңіз "Достық" орденімен атап өтілді. Қазір БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы ретінде күрделі де жауапты жұмыс атқарудасыз. Бізді халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейін осы елде жағдай қалай қалыптасатыны қызықтырады. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және бейбіт өмірді орнықтыру процесіне қатысуға әзір. Осыған байланысты біз Алматыда БҰҰ-ның арнайы орталық-хабын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оның мақсаты - Ауғанстанға тиімді көмек көрсететін Орталық Азия елдері мен өзге мемлекеттерге көмектесу", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ян Кубиш Ауғанстандағы жағдайды орнықтыру бүкіл аймақтағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

"Егер Ауғанстанда тұрақтылық болса, онда барлық аймақ орнықты дамитын болады. Мен Қазақстанның көмек және қолдау көрсету бойынша жасап отырған жұмысын жоғары бағалаймын. Сонымен қатар, Қазақстан аймақтық ынтымақтастық саласына белсене қатысып келеді", - деді БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы.

Сонымен бірге, гуманитарлық сала, сауда, инвестиция және инфрақұрылымдық жобалар тәрізді тақырыптар бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны