25.02.2013, 14:51 5873

Алматыда ертең Иран ядролық бағдарламасына қатысты келiссөздер басталады

"26-ақпан, ертең, Алматы қаласында Иран ядролық бағдарламасы төңiрегiнде алтылық санатында өтетiн келiссөздердiң басталатынын хабарлаймын. Бұл келiссөздерге БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты бес мемлекетi - Ресей, Қытай, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы, Германия және Еуропалық одақ өкiлдерi қатысады", - дедi А.Ибибуллаев.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында ертең Иран ядролық бағдарламасы төңiрегiнде алтылық санатында өтетiн келiссөздер басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Ибибуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"26-ақпан, ертең, Алматы қаласында Иран ядролық бағдарламасы төңiрегiнде алтылық санатында өтетiн келiссөздердiң басталатынын хабарлаймын. Бұл келiссөздерге БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты бес мемлекетi - Ресей, Қытай, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы, Германия және Еуропалық одақ өкiлдерi қатысады", - дедi А.Ибибуллаев.

Оның хабарлауынша, бүгiн келiссөздерге қатысушылар делегациясы Алматыға ат басын бұруда.

"Қабылдаушы тарап ретiнде бiз келсiссөздерге қатысты барлық дайындық шараларын бүгiнгi таңға дейін толығымен аяқтадық деп айтуға болады. Аталмыш келiссөздердiң қорытындысы бойынша өзара тиiмдi уағдаластыққа қол жеткiзiледi деген үлкен үмiттемiз", - деп толықтырды Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны