05.06.2006, 16:12 2690

Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төзімділік жөніндегі кеңесі өтеді

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда 11-13-маусымда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жоғары деңгейлі кеңесі “Мәдениетаралық, дінаралық және ұлтаралық түсіністік” тақырыбы бойынша өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Форумда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының кеңістігіндегі төзімділік мәселесін талқылап, шараға қатысушыларға осы саладағы Қазақстанның тәжірибесін таныстыру көзделген”,- деді Е.Ашықбаев.

СІМ өкілінің айтуынша, кеңеске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше 55 елден, халықаралық ұйымдар мен шетелдік және отандық бейресми ұйымдардан 300-ден астам өкілдер қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны