30.11.2007, 10:59 2710

Алматыда желтоқсан айының басында Дүниежүзілік кеден ұйымының саяси комиссиясының 58-ші сессиясы өтеді

Алматыда желтоқсан айының басында Дүниежүзілік кеден ұйымының саяси комиссиясының 58-ші сессиясы өтеді

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда желтоқсанның 6-8 аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының саяси комиссиясының 58-ші сессиясы өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, саяси комиссияның 58-ші сессиясы кедендік басқарманың тауар айналымын ұлғайту және экономиканы дамыту қызметіндегі конструктивтік шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Сессия шекараны жетілдірілген интеграциялық басқару және процедураларды сәйкестендіру, кеден және көлік саласы қызметін басқаруда қазіргі заман әдістемесімен жұмыс істеу саласында тәжірибе алмасу бойынша пікір алмасу мақсатында өткізіліп отыр.

Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, сессия қарсаңында 4-5 желтоқсан күндері Алматыда құрамына дүниежүзілік 30 компанияның өкілдері кіретін Жеке сектордың кеңес беру тобының (Private Sector Consultative Group - PSCG) мүшелерінің отырысы өтеді. PSCG қызметіне кеңес беру, шекарада және сауда жеткізу тізбегінде қауіпсіздікті күшейту мәселесіне байланысты бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікірін білдіру, кедендік процедураларды сәйкестендіру бойынша халықаралық бастамаларға мұрындық болу жатады. PSCG мүшелерінің желтоқсан жиналысында бизнес пен кеденнің өзара ықпалдасу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

"Қазақстанда осындай жоғары деңгейдегі форумдарды өткізу Қазақстанның кеден қызметіне дүниежүзінде ұлттық мүддені қорғауда жаңа серпін беретін маңызды оқиға болмақ. Халықаралық стандарттарға біртіндеп енуге, өзге мемлекеттердің кедендік басқармаларымен, сондай-ақ, дүниежүзілік бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерімен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бермек", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Саяси комиссияға және Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетіне неғұрлым белсенді және дүниежүзілік кеден қоғамдастығының қызметіне үлкен үлес қосқан мемлекеттер сайланады. Үстіміздегі жылдың 1-шілдесіндегі мәлімет бойынша, ұйым барлық құрлықтар мен әртүрлі экономикалық даму деңгейлерін көрсететін 171 мемлекетті біріктіреді. Ол өз мүшелерінің саны жағынан Біріккен ұлттар ұйымы мен Интерполға ғана жол береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны